Семей қаласының шетінде Газель маркалы көліктің ішінен екі адам өлі табылды. Бұл ақпаратты Абай облысы Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жеткен.
"Алдын ала мәліметке сәйкес марқұмдар көлік салонында болған. Көлік оталып тұрған және ішінен жабылған. Дене жарақаты мен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі - улы газдан улану", - деп жазылған полицияның редакцияға берген жауабында.
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова