Семейде үш көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысы Полиция департаменті мәліметінше, 27 наурызда 27 жастағы жүргізуші Chevrolet Cobalt көлігін тізгіндеп келе жатып, Қабанбай батыр мен Ұранхаев көшелері қиылысында басты жолмен келе жатқан ГАЗ-33021 көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан кейін ВАЗ-21901 көлігімен де соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе алты айға дейін көлік басқару құқығынан айыру жазасы көзделген", - деді өңір полициясы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!