Семейдің кіреберісіндегі сәулет кешені сынға ұшырады

Семейдің кіреберісіндегі сәулет кешені сынға ұшырады
Фото: Massaget.kz

Абай облысының орталығы – Семей қаласындағы жаңа кіреберіс кешені қойылмай жатып сынға ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семей белсенділерімен тұрғындардың айтуынша сәулет туындысынде кеткен кемшілік көп.  
"Қаншалықты "саяси сауатым" бір кісідей болса да мынадай қала кіреберісіне қойылатын "архитектура" үлгісін еш қабылдай алмадым. Біріншіден қазақтың жазуы кириллица болса да, арабша, латын болса да етектен бастап оқылған емес. Екіншіден жобада қастерлі "Абай" атауы жоқ. Осыған жол беріп отырған комиссиядағы белгілі адамдарды "кемақыл" демеске шара жоқ. Сосын барып осылай "Қош келдіңіздер!" деңіз», - дейді Семейлік белсенді Сәтжан Қасымжанұлы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Семей қаласының әкімдігі қалаға кіретін аумаққа кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасына байқау жариялаған болатын.

Байқауға шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалары, дизайн студиялары, жобалау ұйымдары, сабақтас кәсіптердің мамандары, авторлық ұжымдар қатысып, 6 мекемеден 35 жоба ұсынылды. Ал , сараптау комиссиясында Семей қаласы әкімдігі өкілдері, Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы, мәслихат депутаттары, сулетші, суретшілер мен музей қызметкерлері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz