Семейдің 56 жастағы тұрғыны үйінде есірткі сақтаған

Семейдің 56 жастағы тұрғыны үйінде есірткі сақтаған
Фото: РИА Новости

Семейдің 56 жастағы тұрғыны үйінде есірткі сақтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметне сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 56 жастағы тұрғынының үйінен санкцияланған тінту барысында, қонақүй бөлмесінде теледидар қорабына жасырылған өсімдік тектес ұнтақ заты бар қағаз орамы табылып тәркіленген.

Сараптама бойынша, зерттеуге ұсынылған зат "гашиш" есірткі құралы, жалпы салмағы - 1,25 грамм.

Бүгінде күдіктіге қатысты келу туралы міндеттемеге түріндегі міндеттеу шарасы қабылданды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі - "Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина