"Семей орманы" МОТР" РММ алқабын өртеуге арналған дайындамаларды табу туралы түрлі мақалалар мен фотосуреттер тараған болатын. Абай облысының прокуратурасы тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында Семейдегі орманда от жағуға арналған орын дайындалғаны туралы суреттер пайда болған еді.
Бұл ағаштарды уәкілетті орган "Семей орманы" МОТР" РММ-нің Семипалатинск филиалының Краснокордон орманшылығы аумағында рейдтік іс-шаралар барысында тапты.
Мысалы 28 қазанда № 172 және 175 кварталдарында "Қарағай" тұқымдас ағаштардың астында 3 дана "Шатыр" тәрізді құрылыс дайындамалары және бірнеше дана дөңгелектен құрсым орнатылды, осындай факт 5 қарашада №1 кварталда табылды, олар сол жерде дереу бөлшектелінді.
"Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында.
Қазіргі уақытта Семей қаласының полиция басқармасы анықтаған дайындамалар фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық істі тергеуді Абай облысының прокуратурасы бақылауға алды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!