Семейдегі колледждердің бірінде өрт шықты

Семейдегі Морозов көшесінде колледждердің бірінде бірінші қабатта өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шақыру орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер кабинетте жиһаз бен төбенің жанатын бөлшектерінің жанғанын анықтады.

"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық студент мен қызметкер өз бетінше далаға шықты. Құтқарушылардың шебер және жедел әрекеттерінің арқасында өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз