Семейдегі жерасты өткелдері жасалмай жатып талқандалып жатыр. Вандалдар әуен ойнап тұратын дыбыс зорайтқыштарды ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қалада сегіз жерасты өткелі бар. Қазір бәрінде жөңдеу жүргізіліп жатыр. Қабырғалары ұлттық нақышта әрленіп, қазақ сазгерлерінің суреттері салынған. Олардың арасында Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Батырхан Шүкеновтің бейнесі бар.
Олардың туындысы күндіз-түні ойнап тұру үшін дыбыс шығаратын бес колонка орнатылыпты. Алайда вандалдар соның бәрін ұрлап кеткен. Ол аздай, өткелге дәрет сындырып, қабырғаларын айғыздап тастаған. Жергілікті әкімдік күдіктілерді ұстау үшін тәртіп сақшыларына шағым түсірді.
"Былтыр барлық сегіз өткелге бейнебақылау камераларын орнаттық және осы жұмыстар аяқталуға жақын қалғанда, бұзақылар дыбыс шығаратын құрылғаларды ұралап кетті. Бұл тіркелді. Полиция қызметкерлері осы жерге келіп, арыз жазылды. Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерік Шағанов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!