15 желтоқсанға қараған түні Семейдің сол жағалауында орналасқан ЖЭО-1-де өрт шықты. Күтпеген жағдай жылу көзінің кейбір жүйелерінің істен шығуына әкеп соқты. Бұл туралы "Жылукоммунэнерго" МКК өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"15 желтоқсанда сағат 00:30-да ЖЭО-1-де отын беру жүйесінің бірінші тасымалдаушысында өрт шықты, бұл отын берудің, мазут шаруашылығының фидерлерінің істен шығуына әкеп соқты. Сонымен қатар, бұл жағдай салқындатқыш параметрлерінің төмендеуіне әсер етті", - деді "Теплокоммунэнерго" МКК өкілі.
Мамандардың айтуынша, салқындатқыш параметрлерінің төмендеуі қазандықтардағы жүктеменің төмендеуіне байланысты болған.
Қазір ЖЭО-1-де №2 қазандық, №1 қазандық жұмыс істеп тұр, сонымен қатар, мазутта бір қазандық жұмыс істейді.
Жылу көзі қашан қалпына келетіні, өрт салдары қашан жойылатыны әлі нақтыланбаған.
Айта кетейік, Семейдегі ЖЭО-1 1934 жылы пайдалануға берілген. Бұл Семейдің ең ірі жылу көзі саналады әрі қаланың сол жағалауындағы тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!