Семейдегі Бұлақ ауылынан эвакуацияланған тұрғындар үйіне қайтты

Семейдегі Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйіне қайтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген еді.

"Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды. Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған", - делінген Семей әкімдігінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы орман өрті ауыздықтылғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!