- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейдегі биоорталық Хабиб,...
Семейдегі биоорталық Хабиб, Сани атты арыстандармен толықты
Семей қаласындағы облыстық балалар биологиялық орталығынының 85 жылдық мерейтойына Алматы хайуанаттар бағынан Хабиб және Сани атты африкалық тұқымды арыстандар әкелінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталықтағы қоршау жобасын қазақстандық және еуропалық зоологтар жүзеге асырған. Мұнда арыстандардан бөлек түйеқұс, түлкі, борсық, су жәндіктері, Қызыл кітапка енген Пржевальский жылқысы әкелінген.
"Бүгінгі тарихи сәтке жақын шет елдермен ресрубликамыздағы зоологиялық бақтармен үздіксіз жүргізілген келіссөздер және екі жылдан аса тынымсыз атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қол жеткіздік. Қала тұрғындары бүгін арыстандарды осы орталықтан алғаш рет көруі. Жануарлар жас, аналығы Сани екі жаста, ал аталығы Хабиб 5 жаста. Қазір жануарлар жаңа ортада бейімделу, танысу кезеңін өткеріп жатыр", - деді орталық директоры Сейсен Масалимов.
Сарапшылардың пікірінше, арыстандар 15 жылға дейін өмір сүре алады . Бейімделу және дағдылану кезеңі аяқталғаннан кейін келушілер биологиялық орталықтың аумағында орналасқан алаңнан аңдар патшасын мен өзгеде жануарларды өз көзімен көріп, олардың іс-қимылын және жаңа ортаға бейімделуін бақылай алады.
Жайна Серікбек
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz