- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейдегі аспалы көпірде...
Семейдегі аспалы көпірде мопедист аударылып кетіп, одан кейінгі үш көлік соқтығысқан
Фото:
polisia.kz
7 маусымда 31 жастағы мопед жүргізушісі аспалы көпірмен сол жағалау бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мопедтің артында келе жатқан MAZDA көлік құралының жүргізушісі төңкерілген мотокөлік пен оның жүргізушісіне соқтығысудан аулақ болу үшін бірден тежегішін басқан. Салдарынан одан кейінгі көліктер бір-біріне соқтығысады.
ЖКО қатысушылары 3 көлік құралы болды.
Үш адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция экипажы бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан