- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде із-түзсіз жоғалып...
Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірі өлі табылды
Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірі – Алтынай Әбішева өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көшеге шығып із-түссіз кеткен балалардың бірінің денесі қаладан 13 шақырым жердегі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ал бауыры Абзалды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Абзалдың белгілері: бойы 175-180 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ақшыл, оң көзінің астында тыртық бар. Үстінде: қара жеңсіз жилет, көк түсті футболка, қара джинсы шалбар, қара кроссовкасы бар.
"Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде, қаланың шеткі аймақтарыында іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді тәртіп сақшылары.
Бұған дейін Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кеткенін хабарлаған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан