Кеше Семей қаласындағы 112 қызметіне жеке тұрғын үйде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде төбесінің опырылып түскені туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары құлаған құрылымдардың астында қысылып қалған ер адамды шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз