Семейде үй ауласынан сібір елігі табылды

Семейде "102" арнасына Водный кентінің тұрғынынан тұрғын үй ауласында елік жүргені туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнына табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері барып, жануардың сібір елігі екенін анықтады. Еліктің артқы тұяғында жарақат, мойнында қарғыбау болған.

Инспекторлар елікті күтіп-бағу және бақылау мақсатында Семейдің биологиялық орталығына тапсырды.

ТЖМ

Полиция жабайы жануарларды заңсыз ұстау заңнамаға қайшы екенін ескертеді.

Жарақат алған немесе әлсіреген жабайы жануарды байқаған жағдайда дереу полицияға немесе уәкілетті органдарға хабарласыңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!