Семейде 3 жасар бала 5 қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі obvk.kz-ке сілтеме жасап.
22 мамырда Семейдегі 1-шағынаудан аумағында жантүршігерлік оқиға болды. Сағат 12:30 шамасында 2019 жылы туған бала 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, сәби терезе торына сүйеніп тұрған, кейін онымен бірге төмен қарай құлап кеткен.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді. Жарақат алған сәби шұғыл облыстық аурухананың балалар бөліміне жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!