Семейде түн ішінде бірнеше үй жанып кеткен

Семейде түн ішінде бірнеше үй жанып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Гёте көшесіндегі жеке аумақта өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша өрт алдымен уақытша баспанада басталып, кейін қасында тұрған тұрғын үйге тараған. Жеке үйлер тығыз орналасуы салдарынан тілсіз жау көрші үйге де тез таралған.

ТЖМ кадры

"Өрт сөндіру бөлімшелерінің алғашқы құрамдары оқиға орнына шақырту түскеннен кейін бес минут ішінде жетті. Алайда өрт туралы хабар кеш берілгендіктен, келген кезде үш үйді жалын шарпыған еді. ТЖД қызметкерлері өрт таралуын шектеді", - деп жазылған хабарламада.

Өрт жалпы ауданы шамамен 220 шаршы метр аумақта сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!