- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде толассыз жауған...
Семейде толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты
Семейде толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қала орталығы көшелерін су басып, көлік кептілісі қалыптасқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі тәулікте қалада бір айлық жауын-шашын мөлшері жауып, нөсерлі кәріз жүйесінде көп мөлшерде су жиналған.
Таңертеңнен бастап жауған жаңбыр тұрғындарға біршама қолайсыздық туғызды. Жол қатынасында едәуір қиындық туындады.
"Қала әкімдігі аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірлесіп, тиісті жұмыстарды қолға алды. Суды тартатын техникалар жұмылдырылды, олқылықтың орны толтырылады. Қазір су басу қаупі бар көшелерде арнайы су тартатын техникалар жұмысқа кірісті. Алдағы уақытта ескірген, бұзылған су жолдарын қалпына келтіру немесе толықтай жаңалау бағытында жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз", - деп жауап қайтарды әкімдік өкілдері.
Қазір Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мердігерлері арнайы техниканы пайдаланып, Селевина көшесінің бойында және сол жағалаудағы айналма жолға (айналым) суды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тағы да оқи отырыңыз: Жануарлар жер сілкінісі болатынын алдын ала сезе ме?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!