Семейде суға батып кете жаздаған бала құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ертіс өзенінде суға түсіп жүрген 2013 жылы туған баланың эпилепсия ұстамасы ұстап, құрысып, суға бата бастаған.
Суға батып бара жатқан баланы отбасымен жағалауда демалып жүрген Айжан Садырбалина көріп қалып, дереу көмекке жетіп, оны судан алып шыққан. Содан кейін бірден алғашқы көмек көрсеткен. Осы кезде "103"-ке өзге куәгерлер хабарласқаны айтылды.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!