- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде судьяны қорлаған...
Семейде судьяны қорлаған сотталушы жазаланды
Семейде судьяны қорлаған сотталушы жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Семей қаласының №2 сотында судьяны қорлау түрінде сотты құрметтемеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 410-бабының 2-бөлігі).
Сотта анықталғаны
Сотталушы ашық сот талқылауында сот актісін жариялау және оның мәнін түсіндіру кезінде соттың апелляциялық үкімімен келіспей, судьяның атына, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, әдепсіз сөздер айтқан.
Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, сотталушының сөзінде ар-намыспен қадір-қасиетті әдепсіз түрде қорлау белгілері расталған сот психологиялық-филологиялық зерттеуінің қорытындысымен дәлелденді.
Іс бойынша қабылдаған шешім
ҚК-нің 410-бабы 2-бөлігінің санкциясы 200АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұлды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарды не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.
Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сотталушыға алдыңғы сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін орындау шартымен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина