Семейде сотталған адам қайтыс болған: ҚАЖК мәлімдеме жасады

Семейде сотталған адам қайтыс болған: ҚАЖК мәлімдеме жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Семейдегі колониялардың бірінде төтенше жағдай болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Семейдегі түзеу мекемелерінің бірінде төтенше жағдай болғаны туралы жазбалар тараған еді. Жазба авторларының айтуынша, колонияда сотталған адам қаза тауып, тағы тоғыз адам ауруханаға жеткізілген, ал екі адаммен байланыс жоқ. Сотталғандардың туыстары ресми ақпарат берілмей отырғанын айтқан.

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жағдайға пікір білдірді.

"Зорлық қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан тұтқын денсаулығы нашарлағанына шағымданып, мекеменің медициналық бөліміне жүгінген. Тексерістен кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада көз жұмды", – деді ҚАЖК өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget