Семейде сауда үйінің бірінің маңынан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Семей қаласындағы Глинка көшесі 25а мекен-жайында орналасқан сауда үйлерінің бірінің маңынан ер адамның денесі табылған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша ер адам есінен танып қалған. Полиция соталды тергеуді бастады, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!