Семейде сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған

Семейде сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

112 пультіне қаладағы сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген жедел құтқару жасағының қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізген.

Құтқарушылар гидравликалық құрал көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын шығарып алған.

"Әйел адам медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!