ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!