Семей қаласында Ресей азаматын тонап кеткен екі күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Ибраев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ибраевтың айтуынша, Ресей Федерациясының азаматы 102 жедел арнасына қоңырау шалып, мүлкінің ұрланып кеткені туралы шағым түсірген. Шығынның жалпы сомасы - 420 мың теңге.
"Жедел ұйымдастырылған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олардың екеуі де бұрын сотталған Семей қаласының тұрғындары екені анықталды. Қылмыс жасалған күні күдіктілер ішімдік ішіп, жәбірленушіні ашық тонап кеткен. Оларға қатысты бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Ілияс Ибраев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!