- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде полиция қызметкерлері...
Семейде полиция қызметкерлері эпилепсия ұстамасы бар жүргізушіні құтқарып қалды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Абай облысында полиция қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан эпилепсия ұстамасы бар жүргізушіні құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл видеоны баспасөз қызметінің қызметкерлері патруль камерадан видео түсіріп жатқанда кездейсоқ көріп қалған.
Оқиға Семейде болған. Жүргізушіге аға лейтенант Әли Адылғазинов пен аға лейтенант Олжас Үйсімбаев көмекке келді.
Қазір ер адамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек