- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде полиция қызметкері...
Семейде полиция қызметкері күдіктіні қылмыс жасағанын мойындату үшін азаптаған
Семейде полиция қызметкері күдіктіні қылмыс жасағанын мойындату үшін азаптаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында (азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы Орталық полиция бөлім қызметкерінің ұсталған.
26 қаңтарда Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады.
Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина