Семейде Плюшкин синдромымен ауыратын ұры ұсталды

Семейде Плюшкин синдромымен ауыратын ұры ұсталды

Абай облысында полиция қызметкерлері саяжай үйлерінен бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің пластикалық терезелерді күштеп ашу немесе ілулі құлыптарды бұзу арқылы үй-жайларға кіргені анықталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, семейлік азаматтың 13 ұрлық ісіне қатысы бары дәлелденген, нәтижесінде жәбірленушілерге 1,5 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында полиция қызметкерлері көп мөлшерде ұрланған заттарды тапты. Ер адам қолына түскеннің бәрін алып кетіп отырған. Олардың ішінде: тегістеуіштер, құрал-саймандар жиынтығы, күректер, тұрмыстық заттар, балалар велосипедтері және басқа да мүліктер бар.

Күдікті ұрланған заттарды сатуды жоспарламағанын айтты. Қазіргі уақытта полицейлер қоймаға жиналған заттардың қайсысы басқа адамдарға тиесілі екенін анықтауда. Тергеу жалғасып, ал құқық қорғау органдары қойма ұрысының басқа да құрбандарын анықтап жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget