Семейде құбырларда ілулі тұрған "Өрмекші адам" камераға түсіп қалды. Кадрдан фильмнің кейіпкерін полиция алып кетіп бара жатқанын байқауға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Семейде өзінің "өрмекші адамы" пайда болды. Әйгілі супер қаһарман костюміндегі белгісіз адам қаланы аралап, бірнеше рет әлеуметтік желілерде көрініп жүрді.
Ол өзіне көшеде өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудартты, бірақ ол жылу желілерінің құбырларына шыға бастағандықтан, жергілікті полиция танымал фильмнің кейіпкерін алып кетті.
"Бұл кезде сол жерде учаскелік полиция инспекторы болған. Ол оның қауіпсіздігіне алаңдап, "супер қаһарманнан" құбырдан түсуін сұрады. Полицей оның небәрі 16 жаста екенін білгенде, оны үйіне апарып, анасының қатысуымен онымен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай ойындар өте қауіпті екендігін айтты", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!