Семейде “Өрмекші адам“ жауапқа тартылды

Полиция әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында Семей қаласындағы аспалы көпірде Mitsubishi Pajero көлігінің тіркемесінде "Өрмекші адамның" костюмін киген тұрғын отырған видеоны анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс кезінде бұл қаладағы мейрамханалардың бірін жарнамалау мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болған.

Полиция қызметкерлері бұл іске қатысқан адамдарды анықтап, полиция бөліміне жеткізген.

"Тексеріс нәтижесінде 23 жастағы жүргізуші жолаушыны тіркемеде тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жарнама түсіріліміне қатысқан 18 жастағы "Өрмекші адам" мен оның 25 жастағы серігі де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Абай облысы ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!