Семейде мысық кір жуатын машинада жуылып, өліп қалған: иесі жауапқа тартылды

Семейде мысық кір жуатын машинада жуылып, өліп қалған: иесі жауапқа тартылды
Фото: Видео кадры

18 сәуірде Семей тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында марғау кір жуатын машинада өлгені туралы видео жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысы Полиция департаменті мәліметінше, тексеріс барысында бұл жағдай абайсызда болғаны анықталған.

"Бұл дерек бойынша 19 сәуірде үй жануарының иесі жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - деді өңір полициясы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жануарларға қатысты заңға өзгеріс енгізілетіні, Мәжіліс "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қабылдағаны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget