- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде Мұхтар Әуезов...
Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткіш ашылды
Фото:
Ақорда
Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішін салтанатты түрде ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.
Семейдегі Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішінің авторы - Нұрбол Қалиев.
Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі - 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.
Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезовпен ескерткіш алдында суретке түскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова