21 желтоқсанда Семейде Қуат Айтқалиев есімді мұғалім биіктен құлаған. Бұл жағдай туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Қазір мұғалім жансақтау бөлімінен шықты, жағдайы бірқалыпты, алайда оған ауыр ота жасалған. Бұл оқиғадан кейін білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті. Massaget.kz тілшісі шыршаның бағасы мен қаланы безендіруге қанша бөлінгенін анықтады.
Редакция шырша бағасын білу үшін Семей әкімдігіне арнайы сауал жолдады.
Әкімдік мәліметінше, шыршаны сатып алуға 25 миллион теңге бөлінген. Облыс орталығы, Семейде 2019 жылы сатып алынған бас шырша қатты желден айтарлықтай зақымдалғанын атап өтеміз.
"Осыған байланысты биыл ол ауыстырылды. Жаңа жылды мерекелеуге байланысты барлық іс-шараға, соның ішінде қаланы безендіруге, жаңа шырша сатып алуға және мерекелік іс-шаралар өткізуге 30 миллион теңге бөлінді", - делінген жауапта.
"Шыршаға Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тапсырыс берді. Шырша 25 миллион теңгеге сатып алынды. Бірақ бұл сомаға шырша және оны қалаға жеткізу ғана кірді. Монтаждау және орнату шығындары қарастырылмаған, осыған байланысты бөлім волонтерлерді тартты", - деді Семей әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов.
Айта кетейік, бұл жағдай "Педагог мәртебесі туралы" заңына қайшы, өйткені мұғалімдерді өз міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған.
21 желтоқсанда Семей қаласында Қуат Айтқалиев есімді мұғалім биіктен құлаған. Бұл жағдай туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Шенеунік бұл әрекетті "заңбұзушылық" деп атап, жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.
Кейінірек Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мұғалім жансақтау бөлімінде емес, палатада жатқанын, жағдайы тұрақты екенін айтты. Құлаған мұғалімнің оқиғасынан кейін лауазымды тұлғалар жазаланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!