Семейде мол жауын-шашын жауды

Толассыз жауған жауыннан Семей қаласы су астында қалып, барлық коммуналдық тазарту құралдары жұмылдырылуда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семейде 1 айлық нормадан аса жаңбыр жауып көшелерді су басқан. Жауын суын тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілгенімен жаңбыр суы көбейіп қала халқын әбігерге салған.


"Жылда осы су алатын аумақтарды қадағалап неге бір шара қолданбасқа?! Жаяу жүргіншілер жолынан өту мүлде мүмкін емес су басып жатыр. Ол тұрмақ жаңа салынған қарағайлы шағын ауданы бойынша неге жаңа үйлерді қабылдап алады ешқандай судан қорғау шаралары қабылданбаған аяқ алып жүрудің өзі қиын. Құдды бір Венеция сияқты"- дейді қала тұрғыны Сәуле Омарбекқызы.

Қалалық әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта жаңбыр суын тазарту жұмыстары қатаң қолға алынған.
Суды тазартуда 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ кәріз суларын қабылдау құдықтарын тазартуға илосос машинасы және арнайы техника тартылған.

Жайна Серикбекова

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!