Семейде мектеп оқушылары төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды

Семейде мектеп оқушылары төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдай №12 мектепте түс ауа болған. Білім мекемесінің үшінші қабатында түтін шыққан. Барлық оқушы эвакуацияланды.

"9 қазанда Семейдегі №12 орта мектепте сағат 16:40-та үшінші қабаттағы информатика және физика кабинеттерінің арасында түтін иісінен дабыл сигналы іске қосылды. Оқушылар ғимараттан дереу шығарылды. Мектепте электр қуаты өшіп қалды. Мектеп әкімшілігі оқиға туралы 101 қызметіне хабарлады. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері 17:14-те өртті толығымен сөндірді", – деп хабарлады Семей білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті үшінші қабаттағы кабинетте ағаш сөрелер мен макулатура өртенгенін хабарлады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!