- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде көшеде жаялықпен...
Семейде көшеде жаялықпен ғана жүрген бес жасар қыз табылды
Семейлік дәрігер жаялықпен түнде қалада жалғыз жүрген бес жасар қызды тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер қызды ауруханаға жеткізген. Семейде түнде ауа температурасы 4-5 градусқа дейін төмендейді. Қызды дер кезінде тауып алмаса, ол гипертонияға шалдығар еді.
Бұл туралы қалалық дәрігерлер әлеуметтік желіде жазба жариялады. Олардың айтуынша, әріптестері Нұрайдар Төлеуғазинов Дәстенов көшесімен келе жатып, жаялықпен ғана жүрген кішкентай қызды көріп, ауруханаға алып келген.
Абай аудандық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Әлеуметтік желілерде түнде Дәстенов көшесінен кәмелетке толмаған баланың табылу дерегі бойынша ақпарат тарады. Абай ауданының полиция департаменті жоғарыда аталған дерек бойынша тексеру жүргізді, ақпарат расталды. Полиция қызметкерлері қыз бала тәрбиеленіп жатқан отбасын тексерді. Тексеру барысында қарапайым, берекелі отбасы екені, анасы мен әкесі жұмыс істейтіні анықталды. Бала үйден анасы ұйықтап жатқанда шығып кеткен. Баланың жоғалып кеткенін әкесі үйіне келгенде біліп, дереу 102 арнасына хабарласқан", - деді Абай ауданы полиция басқармасының өкілі.
Полицейлердің мәліметінше, осы дерек бойынша әкесі кәмелетке толмаған баланы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде тауып алғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова