- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде көпқабатты тұрғын...
Семейде көпқабатты тұрғын үйлердің 86%-ы жылу маусымына дайын
Семейде көпқабатты тұрғын үйлердің 86 пайызы жылу қабылдауға әзір. Жауапты мекеме басшылары құбырларды жөндеп бітуге таяп қалғанын мәлімдеді. 25 қыркүйекте жылу жүйелерін сынақтан өткізу басталмақ. Отын қоры бойынша «Қаражыра» кенішімен келісім жасалған. Соған сәйкес күніне 45 вагон көмір жеткізілуде.
Жалпы, «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнына халықтың берешегі – 340 миллион теңге. Қазанның 15-іне дейін қарыздың біразы өтелуі тиіс.
Николай Ушаков, қала әкімінің орынбасары: - Жылу маусымы 15 қазанда басталады. Алайда күн райы күрт суытса, ертерек те басталуы мүмкін. Мәселен, өткен жылы сынап бағанасы 0 градусқа дейін төмендеп, 2 қазан күні бастауға мәжбүр болдық. Биыл да байқаймыз, егер қажеттілік туындап жатса, кез келген уақытта жылу беруге сақадай-саймыз. Биыл қала бюджетінен «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнында ағымдағы жөндеулер жүргізу үшін қосымша 105 миллион теңге бөлінгенін де айта кеткен жөн.
Дереккөз: 24.kz
T. Кіршібаев