- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде қолына пышақ...
Семейде қолына пышақ ұстаған әйел өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан
Фото:
ptzgovorit.ru
Семейде қолына пышақ ұстаған әйел өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан. Оқиға перинаталды орталық ғимаратының жанында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған. 34 жастағы әйел полиция бөліміне жеткізілді.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, әйелден тәркіленген зат суық қару болып шықты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан