Семейде көлік тұрағында белгісіз біреудің көлігіне мініп, суретке түскендер кешірім сұрады. Бұл видео semey_city_ Instagram-парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға кеше түнде болған, жігіттер бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
"Жігіттер менің көлігіме секіріп, суретке түсіп, сальто жасады. Затон полиция бөлімінде бұл іс қараусыз қалды. Мүмкін олардың туыстары сөйлескен шығар", - деді көлік иесі әлеуметтік желіде.
Жігіттер бұл әрекеті үшін қала тұрғындарынан, көлік иесінен кешірім сұрады. Жастарды полиция ұстады ма, әлде көлік иесі кешірім сұрауға мәжбүр етті ме, белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!