- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде көлік қағып...
Семейде көлік қағып кеткен 33 жастағы әйел көз жұмды
Фото:
Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Семейде 33 жастағы әйелді көлікпен таптап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды.
"Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген", — делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы