- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде қоқыс жәшігінен...
Семейде қоқыс жәшігінен табылған бала қайтыс болды
Семейде қоқыс жәшігінен табылған бала қайтыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облыстық полиция басқармасы жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған баланың қайтыс болғаны туралы мәлімдеді. Баланың өліміне қатысты бірқатар сараптама тағайындалды.
"Полиция күдіктіні және істің мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Абай облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Полицейлер әлі баланың жасы мен жынысы туралы ақпарат бермеді.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 13 қазанда Семейдің сол жағалауындағы көпқабатты үйдің ауласында орын алды. Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің ауласында полиция қызметкерлері мен өртсөндірушілердің жүргені бейнеленген видео жарияланды. Кейінірек жанып жатқан қоқыс жәшігінен сәбидің табылғаны белгілі болды. Жедел жәрдем келіп, сәби ауруханаға жіберілген еді. Мамандар оның денесінің 70 пайызын күйік шалғанын айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева