Семейде қарғалар балабақшаға келгендерге шабуыл жасаған

Семейде ТЖМ қызметкерлері балалар мен олардың ата аналарын қарғалардың шабуылынан құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семейдегі №20 көшеде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің маңында ерекше құтқару операциясы өтті.

"Қарғаның балапаны ұядан жеке балабақшаның кіреберісіне құлап кетіп, қарғалар балапанын қорғау үшін мектепке дейінгі мекемеге кіргісі келгеннің барлығына шабуыл жасаған", - деп жазылған хабарламада.

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері балапанды адамдардан қауіпсіз қашыққа апарған. Құтқару операциясы сәтті әрі тез өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!