Семейде жүріп бара жатқан көлік өртеніп кетті. Құтқарушылар келгенге дейін куәгерлер көліктерін тастап, өртті сөндіруге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
101 желісіне көпірде жолаушылар көлігі өртенгені туралы хабарлама түскен. ТЖД қызметкерлері Toyota Corona көлігінің мотор бөлігінің жанғыш бөлшектері мен жалпы ауданы 2 шаршы метр аспаптар панелі жанғанын анықтады.
Одан кейін де қалада осындай жағдай тіркелді. Қабанбай батыр көшесінде, теміржол көпірінің маңында Volkswagen Passat маркалы көлігі өртенді.
4 шаршы метр аумақта мотор бөлігінің жанатын бөлшектері, аспаптар панелі, интерьер мен шинаның ішкі қаптамасы жанып кетті. Өрт 8 минут ішінде ауыздықталды.
Өртсөндірушілер көліктегі өрт бірден пайда болуы мүмкін екенін ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!