Семейде жүк пойызы бір адамды жаншып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"КТК" арнасы мәліметінше, марқұм бағдаршамда тұрған теміржол құрамының арасынан өтіп кетпек болған екен.
Қайғылы жағдай қаланың қақ ортасында болған. Тоқтап тұрған пойыздың толық жүріп кеткенін күтпей, әйел вагондардың арасымен өтіп кетуге әрекеттенген. Алайда бірнеше секундтан кейін пойыз орнынан қозғалып жүре бастаған. Сол мезетте марқұм дөңгелектің астында қалып қойған.
Куәгерлер әйелді вагонның астынан шығарып үлгергенімен, ол оқиға орнында көз жұмды.
Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова