Семейде жолаушылар отырған қоғамдық көлік өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі abainewskz-ке сілтеме жасап.
8 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында өрт сөндіру қызметіне "Шығыс сол" саяжай алабындағы "6 саяжай" аялдамасында №56 жолаушылар автобусы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Төтенше жағдай болып жатқан жерге жеткен өртсөндірушілер Қытайда шығарылған "Antong" маркалы автобус жанып жатқанын анықтапты. 3 шаршы метр аумақта мотор бөлімі, панель құрылғылары, жүргізуші орындығы жанып кеткен.
Жолаушылар өртсөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан автобустан өздері шыққан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Өртсөндірушілердің жұмысының арқасында 10 минуттан кейін өрт ауыздықталып, 25 минуттан кейін толық сөндірілді", - деді Абай облыстық ТЖД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!