Семейде жолаушы жүріп бара жатқан көліктің капотына отырып алған

Семейде жолаушы жүріп бара жатқан көліктің капотына отырып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оқиға 14 шілдеде Қарағайлы шағынауданында болған. Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында жүріп бара жатқан Toyota RAV4 көлігінің капотында отырған жолаушы көрінетін видео анықталған.

"22 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қозғалыс кезінде көліктің капотында отырған 24 жастағы жолаушы да жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деді Абай облысы Полиция департаменті өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз