- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде жол бойында...
Семейде жол бойында билеген жүргізушілер жазаланды
Семейде жол бойында билеген жүргізушілер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір полициясының мәліметінше, Hyundai Sonata, Chevrolet Cobalt, Hyundai Elantra және Lada 2172 автокөліктерінің 19 жастағы төрт жүргізушісі жол бойында билеп, челлендж өткізбек болған.
"Бұл әрекет үлкен қоғамдық наразылық тудырып, полицияның назарын аударды. Жастар Семей қаласының полиция басқармасына шақырылып, олармен әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында полицейлер жолдарда түрлі челлендждер өткізу сияқты іс-әрекеттердің қауіптілігіне баса назар аударды. Олар жастарға мұндай әрекеттердің ауыр зардаптарға, соның ішінде апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін екенін түсіндірді", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Сонымен қатар полиция төрт жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін орындамағаны, сондай-ақ сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова