Семейде жоғалған жасөспірім табылды. Полиция баланың не себепті үйден кеткенін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz мәліметінше, дабыл сигналы бойынша Абай облысы полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы көтерілді. Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат көмек бола ма деп, таныстары мен куәгерлерінен жауап алып, іргелес аумақтарды мұқият зерттеген.
Әр аумаққа бөлініп, әр аулаға тінту жүргізді. Іздеу барысында полиция қызметкері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы Мичурин көшесінде тауып, баланы анасына тапсырған. Оның үйінен кету себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, 17 қаңтарда Семейде кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын хабарлаған едік. Абай облысы полиция департаменті Семей тұрғындарына баланы іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш жасаған. Ол 2023 жылғы 17 қаңтарда сағат 07:40 шамасында үйден мектепке қарай шыққан, бірақ қазірге дейін үйіне оралмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!