Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты

Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысының құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 желтоқсан, кешке Семейдегі Екінші жағалау көшесінде көппәтерлі жеке тұрғын үй өртенді.

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер үйде жеке заттар мен үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылар жалпы ауданы 120 шаршы метрді шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан