Семейде жазасын өтеп жатқан азамат аптап ыстықта сотталғандарға арнап қазақтың көжесін дайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сотталғандарға арналған мекеме асханасының аспазшысы – тағам дайындау бойынша маман, "Қазақстан аспаздар қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің бұрынғы мүшесі, жоғары білімі бар кондитер Серік (есімі өзгертілді) Семейдегі қауіпсіздігі аралас колонияның өндірістік аймағының цехтарында жұмыс істейтін сотталғандарға арнайы рецепт бойынша қазақтың салқын сусыны - көже дайындады.
"Анам үнемі осындай көже пісіреді. Осы жаз ыстық. Ыстық ауа райында адам тек салқын сусындарды ішеді, тамаққа тәбеті болмайды. Осы ыстықта өндірістегі жұмысшыларға әрі сусын әрі тамақ болатын көже дайындау туралы ой келді. 40 литр көже әзірлеп, 160 сотталғанды тамақтандырдым. Колонияда мамандығым маған демеу, көмек. Мен жасаған тағамды мақтап, рахаттанып жегенді ұнатамын. Қамауға дейін әйелім екеуіміз ауқатты адамдар ғана емес, қарапайым адамдар да бара алатын шағын мейрамхана ашуды армандадық. Әйелім мені қолдаусыз қалдырмай, үнемі келіп тұрады, сол үшін мен оған шексіз ризамын", - деді Серік.
Серік бұған дейін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде меңгеруші болып жұмыс істеген, бір күні қарамағындағы қызметкерімен арасында төбелес шығып, соңы қарамағындағы қызметкердің өлімімен аяқталған, ал Серік үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!