- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде жасөспірімдер бейімдеу...
Семейде жасөспірімдер бейімдеу орталығынан қашып кеткен
Семейде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен екі қыз іздестіріліп жатыр. Олар жұма күні кешкісін жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аbai News Telegram-арнасына сілтеме жасап.
LIDER еріктілер қозғалысының мәліметінше, 16 жастағы Айдана мен 15 жастағы Александра орталықтан 14 шілдеде кешкі сағат 20:00 шамасында қашып кеткен. Олар белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.
Бұл қыздардың орталықтан алғаш қашуы емес. Бұған дейін Александра өз үйінен шамамен 6 және орталықтан 2 рет қашқан.
Кейінгі рет мұндай жағдай 19 маусымда болған. 70-ке жуық адам оны екі күннен аса қала бойынша іздеген. Ол кезде Дальняя ауылында достарымен бірге болғаны белгілі болды.
"Кәмелетке толмағандардың жүрген жері туралы ақпарат білгендерге облыстық полицияға +7 (747) 349-57-17, +7 (771) 349-57-17 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауын сұраймыз", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек